23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Оңтүстік Кореяның гендерлік теңдік және отбасылар министрлігі 9-24 жас аралығындағы балалар мен жастарға төлем бағдарламасын әзірледі. Бұл туралы WIONews сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бұл бағдарлама оқшаулануға бейім және хикикомори диазнозы бар адамдарға. Хихикомори - Жапонияда пайда болған термин, пандемия салдарынан нашарлаған күйді сипаттайды.
Оңтүстік Корея үкіметі бұл адамдарға мектепке, университетке немесе жұмысқа бару үшін үйден шығуға көмектесуге тырыспақ. Бағдарламаға қатысушылар ай сайын 650 мың вон (226 мың теңге), ал кәмелетке толмағандар мәдени іс-шараларға қатысуға қосымша жәрдемақы алатын болады.
Мұның бәрі тұрғындарды қоғамға бейімдеуге бағытталған шаралар. Осы арқылы билік жұмысқа қабілетті тұрғындардың азаюымен күреспек.
Кореяның денсаулық сақтау және әлеуметтік істер институтының мәліметі бойынша, Оңтүстік Кореяда 19-39 жас аралығындағы 350 мыңға жуық адам жалғыз немесе қоғамнан оқшауланып өмір сүреді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік