7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақ қызы Оңтүстік Кореяда өлі табылды. 43 жастағы келіншек осыдан 8 жыл бұрын елден кетіп, кәріс жігітіне тұрмысқа шыққан. Алайда депрессияға түскен қазақ қызы саябақта өзіне қол жұмсапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Korea_komek инстаграм аккаунты жариялады.
1982 жылғы қазақстандық азамат саябақтардың бірінде өз-өзіне қол салып, өмірден өтті. Ол бұл елге 2017 жылы келіп, кәріс азаматына некеге тұрған. Екеуі заңды некеде. Орталарында бала жоқ. F-6 визасы болған (неке визасы). Полицияның мәліметінше, отандасымыз үйіне жақын орналасқан 25 мамыр күні сағат 3-тер шамасында өз-өзіне қол салған. Марқұмның денесін сол жерде жүрген кәріс азаматы таңғы 5-тер шамасында көріп қалып, құзырлы органдарға хабарлаған. Келіншектің денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Марқұм әйел ислам дінін ұстанған. Соған қарамастан күйеуі біле тұра, кремация жасаған. Яғни мәйітін өртеп жіберген. Полиция бұл іс бойынша толық тергеу жұмыстарын аяқтады. Марқұмның денесін елге жеткізу бойынша елшілік құжаттарды дайындаған, — дейді видео авторы.
Күйеуі әйеліне ешқандай қысым жасамағаны анықталды. Әйел өзі суицид жасаған.
Оқи отырыңыздар:
Сыртқы істер министрлігі әзірге ешқандай ресми ақпарат таратқан жоқ.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?