12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікОңтүстік Кореяда президент сайлауы 3 маусымда өтетін болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Yonhap мәліметінше, бұл шешім Конституциялық сот президент Юн Сок Ёльге импичмент жариялау туралы шешімді қолдағаннан кейін төрт күн өткен соң, министрлер кабинетінің отырысында қабылданды.
Конституцияға сәйкес, елде президент лауазымы бос қалса, 60 күн ішінде жаңа сайлау өткізуге міндетті.
Еске сала кетейік, былтырғы желтоқсанда Юн Сок Ёль елде қысқа мерзімді әскери жағдай енгізген болатын. Осыдан кейін әскери күштер ел парламентін қоршап, ғимаратқа кіру жолдарын жауып тастаған. Алайда бірнеше сағат ішінде Оңтүстік Корея депутаттары парламентке кіріп, әскери жағдайды жою туралы шешім қабылдаған.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер