29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыОңтүстік Кореяда орын алған Jeju Air ұшағының апатында Қазақстан азаматтары болмағаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
Жергілікті биліктің алдын ала мәліметі бойынша, апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандық жолаушылар болмаған, - деді Смадияров.
Апат жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9:07-де тіркелді. Бангкоктан қайтып келе жатқан Jeju Air әуе компаниясының ұшағы Муанг округінде, Сеулден оңтүстік-батысқа қарай 288 шақырым қашықтықта орналасқан әуежайға қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып, қоршауға соғылған.
Ұшақта барлығы 181 адам, соның ішінде 6 экипаж мүшесі болған. Екі Таиланд азаматын қоспағанда, жолаушылардың басым бөлігі Оңтүстік Корея азаматтары. Апат салдарынан тек екі адам тірі қалғаны белгілі болды. Ұшақ айтарлықтай зақымданып, үлкен шығынға ұшырады.
Қазіргі уақытта ұшақ апатына қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек