Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарОңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өткен екі қазақстандыққа қатысты қылмыстық іс сотқа берілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл іс бойынша алғашқы тыңдау мамыр айының ортасында өтеді.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтарға адвокат берілгенін айтады.
Прокуратура істі сотқа берді. Бірінші тыңдау мамыр айының ортасында өтеді. Соттың шешімін күтеміз. Олардың адвокаты бар, мемлекет тарапынан берілген. Жұмыс жүріп жатыр, туыстарымен байланыстамыз, - деді Айбек Смадияров.
Ол Қазақстанның Кореядағы консулы уақытша ұстау изоляторында отырған отандастарымызбен кездескенін айтты. Ұсталғандардың шағымы жоқ.
Айта кетейік, 24 наурызда Инчхон әуежайында паспорттық бақылау өту барысында Ташкенттен келген екі Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяға заңсыз кірмек болған. Олар депортациялауды күту үшін арнайы бөлмеге орналастырылған. Алайда сол түні қазақстандықтар қашып кеткен еді.
26 наурызда бір Қазақстан азаматы ұсталды, ал 29 наурызда екінші қазақстандық өз кінәсін мойындап, полицияға өз еркімен берілді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?