6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСот Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге жарияланған импичментті күшінде қалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Yonhap агенттігі мәліметінше, бұл шешімді барлық сегіз судья қолдады. Олардың пікірінше, бұрынғы мемлекет басшысы ел Конституциясын қорғау міндетін орындай алмаған. Әсіресе, әскери жағдай туралы жарлықта парламент қызметіне тыйым салынуы азаматтардың негізгі құқықтарының бұзылуына әкелген.
Енді 60 күн ішінде елде кезектен тыс президенттік сайлау өтеді.
Былтыр желтоқсан айында Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізген. Осыдан кейін әскерилер парламентті қоршап, ғимаратқа кіруді шектеді. Алайда бірнеше сағат ішінде Оңтүстік Корея депутаттары парламентке кіріп, әскери жағдайды жойды.
Осы оқиғалардан соң президентке импичмент жарияланып, оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі