Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана қаласының тұрғыны интернеттегі онлайн курсқа жазылып, алаяқтың құрбанына айналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жас жігіт өзін кәсіби маман ретінде таныстырып 25 жастағы жәбірленушіге шаш үлгілерін жасау бойынша онлайн курс ұсынған. Сонымен қатар ол шетелдермен киім саудасын жүргізуге көмектесетінін мәлімдеген. Алаяқ өз курсына қызығушылықты арттыру үшін төрт дана шашқа арналған аппаратты сыйлыққа беретінін айтқан. Сеніміне кірген жәбірленуші алаяқтың есепшотына шамамен 2 миллион теңге көлемінде қаражат аударған.
Курстың екі күннен кейін басталатынын естіген жәбірленуші оны бір апта бойы күтіп, ақыры алданғанын түсінеді. Ол бірден полицияға жүгінеді. Алматы ауданының полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу барысында бұл алаяқтықтың жалғыз оқиға емес екені белгілі болды.
Күдіктінің осындай тәсілмен тағы он адамды алдап, олардың қаржысын иемденгені анықталды. Қазіргі таңда алаяқтық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаменті азаматтарды интернеттегі ұсыныстарға сақтықпен қарап, алдын ала тексерусіз бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?