23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығында онкологиялық ауруларды анықтау кезінде аса маңызды саналатын диагностикалық әдістің түрі – экспресс-гистология іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, орталықта жылына 800-ден астам ота жасалады. Бұрын пациентке медициналық сараптау қорытындысын қою үшін оның гистологиялық талдауы Алматы және Астана қалаларына жіберіліп, қорытындысын күту үшін 2-3 апта уақыт кететін. Гистологиялық зерттеу нәтижесі келмейінше, науқасқа ем тағайындау да мүмкін болмайтын.
Экспресс-гистология – ота кезінде алынған тін үлгісін жедел түрде мұздатып, микроскоппен зерттеуге мүмкіндік беретін заманауи әдіс. Ол небәрі 15–20 минут ішінде нәтижені анықтап, операция барысына дереу өзгеріс енгізуге жағдай жасайды. Мұндай технология хирургияның дәлдігін арттырып қана қоймай, емнің тиімді стратегиясын таңдауға мүмкіндік береді.
Орталық мамандарының әдісті меңгеру бойынша біліктіліктері жетілдіріліп, тәжірибе алмасулардан өтті. Алдағы уақытта онкологиялық ауруларды 15-20 минутта анықтайтын әдістің арқасында бұл дертті емдеуге тиімділік те жоғарылымақ.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік