2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрӨңірлердегі волонтерлерді оқытатын республикалық семинар басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлік фронт-офистер волонтері мен амбассадор-өкілдерін оқытуға және біліктілігін арттыруға бағытталған республикалық семинарға еліміздің барлық аймағынан 60 волонтер қатысып жатыр. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық волонтерлік желісі ұйымдастырылған.
Екі күн ішінде семинарға қатысушылар волонтерлік салада тиімді жұмыс істеу үшін қажетті білім мен тәжірибелі дағдылармен және 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасының стратегиялық мақсат-міндеттерімен, сонымен қатар өңірлік фронт-офистердің жұмысын үйлестіретін әдістемелік ұсынымдармен танысты.
Воркшоптар мен секциялар арқылы қатысушылар жергілікті жерлерде волонтерлікті қолдау және дамыту стратегияларын әзірлеу, сондай-ақ үздік өңірлік тәжірибелерді іске асыру дағдыларын меңгереді. Волонтерлік амбассадор-өкілдер өздерінің рөлдері мен өңірлік фронт-офистермен өзара байланыс әдістерін терең түсінуге мүмкіндік алады, - деп атап өтті Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Елдар Сапаров.
Семинар қатысушылардың волонтерлік қозғалыс пен әлеуметтік белсенділігін дамытуға ықпал ете отырып, алған білімдерін күнделікті қызметінде қолдануға мүмкіндік береді. Оқудан соң қол жеткізілген нәтижелерге талдау жасалады.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова