6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстанның өңірлерінде қазақ киносының күндері басталды. Аталған іс-шара аясында көрермендер Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген фильмдермен таныса алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, кино көрсетілімдері Қарағанды қаласынан басталды. Алдағы уақытта басқа да қалалар мен ауылдық елді мекендерді қамтиды.
Бастаманың мақсаты – қазақстандық кинематографты насихаттау және кең аудиторияға отандық режиссерлердің туындыларын тамашалау мүмкіндігін ұсыну. Әсіресе, ауыл тұрғындарының қатысуына ерекше назар аударылды. Осылайша, оларға қазіргі қазақ киносының үздік шығармаларын көруге мүмкіндік берілді, - делінген мәліметте.
Бағдарламада еліміздің мәдени ерекшеліктері мен өзекті мәселелерін арқау еткен әртүрлі жанрдағы фильмдер ұсынылады. Олардың қатарында «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Дос-Мұқасан», «Операция Набат», «Время патриотов» және басқа да картиналар бар.
Әр фильмнің өзіндік терең мағынасы бар және түрлі жастағы көрермендерге арналған. Сондай-ақ, кішкентай көрермендер үшін «Тайқазан» анимациялық фильмі көрсетіледі.
Айта кетейік, биыл оннан астам жаңа отандық фильмнің шығуы жоспарланған. Бұл сөзсіз, қазақстандық кино өнерінің жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалық.
Толық ақпаратпен Кино орталығының ресми сайтынан танысуға болады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі