13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз2023 жылғы 16 тамыздағы жағдайға сәйкес қандастарды қабылдау квотасы 87%-ға, қоныс аударушыларды қабылдау бойынша 58%-ға орындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұндай деректер ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаевтің төрағалығымен өңірлердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшыларының қатысуымен өткен көші-қон саясаты мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды.
Кеңесте сұранысқа ие кәсіптер бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту, этникалық қазақтарға «Ата жолы» картасын беру және ішкі ұтқырлық жөніндегі шараларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Абай, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында қоныс аударушылар бойынша жоспардың орындалуы жоғары деңгейде болса, төменгі деңгей Ұлытау облысында (28,3% деңгейінде) байқалды. Экономикалық ұтқырлық бойынша сертификаттар беруде төмен көрсеткіш Қарағанды (1 сертификат берілді) және Ақмола облыстарында (4 сертификат берілді) байқалады.
Кеңес қорытындысы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды ұсынды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды