6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен Қазақстанда отбасын қолдау орталықтарының қызметкерлерін, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильдік топтар мүшелерін оқыту басталды, депп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік мәліметінше, алғашқы семинар-тренинг Алматы облысында ұйымдастырылды.
Тренингтердің мақсаты – қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін, қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға сапалы көмек көрсету үшін ведомствоаралық үйлестірудің сапасын арттыру.
Тренингтерде теориялық және практикалық сабақтар оқытылады. Іс-шара отбасын қолдау орталықтары қызметкерлерінің отбасылармен жеке жұмыс жоспарларын құру бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға, диагностика, жоспарлау және көмек көрсету мониторингін жақсартуға бағытталған, - делінген мәліметте.
Семинар-тренингтер барлық өңірлерде 15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында өтеді.
Айта кетейік, бүгінде елімізде 43 отбасын қолдау орталығы бар. Олардың негізгі функциясы - мемлекеттің отбасылық саясат шараларын іске асыру, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдау бойынша жұмысты үйлестіру, тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға қолдау көрсету және мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі