30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМамыр айында басталған мониторинг жаңа мектептер құрылысын, су тасқынынан кейін объектілерді қалпына келтіру жұмыстарын, кабинеттермен жарақтандыруды, ауылдық мектептерді жаңғыртуды, оқулықтармен қамтамасыз етуді және қауіпсіздік мәселелерін қамтыды.
Мониторинг барысында анықталғандай еліміздің барлық мектептерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, күрделі жөндеу жұмыстары 280 оқу орнында жалғасады. Сондай-ақ, робототехника, химия, биология, физика және STEAM-бағыттарға арналған 1383 пәндік кабинет сатып алу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарының оқулықтармен қамтамасыз етілуі 90%-ды құрайды. Білім басқармаларының басшыларына мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жеделдету және оқулықтарды оқушыларға таратуды 25 тамызға дейін ұйымдастыру ұсынылды.
«Біз мектептердің жағдайын және жаңа оқу жылына дайындығын мұқият талдадық. Біздің мақсатымыз –3,9 миллион оқушыға қауіпсіз және жайлы жағдай жасау. Жаңа оқу жылын табысты бастау үшін жергілікті атқарушы органдармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуді жалғастырамыз», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов.
Айта кетейік, 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің 7,9 мың білім беру ұйымында 3,9 млн. бала білім алатын болады. Осыған байланысты Министрлік өңірлердің әкімдіктеріне мектептерді іске қосу мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды ұсынды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды