Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПремьер-министр депутаттар сауалына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін орталықсыздандыру арқылы әкімшілік реформа бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Әкімшілік реформаның бірінші кезеңінде 2023 жылғы 19 сәуірде мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру, мемлекеттік аппарат қызметіндегі құзыреттерді заңнамалық деңгейде белгілеу бөлігінде бюрократиядан арылту мәселелері қамтылған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Осылайша орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға жергілікті жерде әлеуметтік саладағы қызметті ұйымдастыруға бағытталған 21 функция берілді. Бұл ретте, осы өкілеттіктер тиісті салалардағы қызметті тиімді іске асыруға мүмкіндік берді, - дейді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта әкімшілік реформаның екінші кезеңі шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін кеңейту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.
Осы жұмыс барысында әлеуметтік саладағы функцияларды аудан әкімдіктеріне беру жөніндегі мәселелер талқыланып жатыр. Өз кезегінде, әрбір функцияны беру мәселесін қарастырған кезде, оның салдарын, саяси, экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімділігін де жанжақты егжей-тегжейлі зерделеп, ескеру қажет. Осы тәсілдер мақұлданған жағдайда, заңнамалық түзетулер әкімшілік реформаның екінші кезеңін іске асыру жөніндегі заң шығару жұмысы шеңберінде көрініс табатын болады. Жалпы, Парламент депутаттарының қолдауымен бұл жұмыс облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруға және өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін болады деп пайымдаймыз, - деді Үкімет басшысы.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?