28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарSDU студенттері былтыр Орта Азия елдерінен алғашқылардың бірі болып халықаралық инженерлік «Формула Студент» жобасына қатысқан болатын. Олар университет негізінде жасалған алғашқы электромобиль грант ұтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев студенттердің бұл өнертабысын жоғары бағалаған еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта студенттер екінші көліктің жобасымен айналысып, жақында «N1 Racing SDU» командасы жаңа өнертабысын көпшілікке ұсынды. Алғашқы көлік электромоторға негізделсе, жаңа автомобиль бензинді мотормен жұмыс істейді.
Көлікті жасауға жалпы 9 ай уақыт кеткен. Жоба 6 ай әзірленіп, соңғы 3 айда құрастырылған. «Кабирхан» деп аталған жаңа көлік алдыңғысына қарағанда қуаты жоғары, технологиясы күрделірек және қауіпсіздігі жақсартылған. Автокөлік сағатына 80 шақырым жылдамдыққа жете алады және апаттық жағдайларда моторды өшіру мүмкіндігімен жабдықталған.
Студенттер инженерлік 3D модельдеу үлгісін 100% дәлдікпен жүзеге асырды. Осылайша, жас инженерлер аз қаражатпен толыққанды тағы бір көлік құрастыруды іске асырды. Италияда өтетін көлік сайысына шақырту алған студенттер бұл жарысқа дейін көлікке қосымша электромотор орнатуды жоспарлап отыр,-делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінде.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?