Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыӨнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында өнеркәсіп кәсіпорындарының қоршаған ортаға теріс әсерін азайту жөніндегі шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Экологиялық кодекске сәйкес министрлік жетекшілік ететін салаларда 17 кәсіпорын ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуі тиіс. Бұл қоршаған ортаға әсерді азайтуға және кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда оның бесеуі бағдарламаларын бекітіп, кезең-кезеңімен іске асыруға кірісті. Биыл металлургия саласындағы тағы үш кәсіпорын бағдарлама қабылдауды жоспарлауда. Бұдан басқа, өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсартуға, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың атмосфераға шығаратын ластаушы заттарды азайтуға белсенді қатысуы байқалады, — деді Қанат Шарлапаев.
Кәсіпорындар жыл сайын қалалық және аудандық аумақтарды көгалдандыруға, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыруға бағытталған іс-шараларға қатысатыны атап өтілді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары