13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЭкология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ ұйымдастырған «Қазақстан өнеркәсібіне «жасыл» технологияларды енгізудің болашағы» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара барысында қатысушылар экологиялық стартаптардың қазақстандық өнеркәсіптің өндірістік процестеріне интеграциялану перспективаларын талқылап қана қоймай, орнықты шешімдерді масштабтаудың бар кедергілері мен мүмкіндіктерін айқындады, сондай-ақ инновациялық технологияларды дамытудағы ғылымның, бизнестің және мемлекеттің рөлін қарастырды.
Ашық диалог форматында министр QazInnovation қоры өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, сондай-ақ озық климаттық және ресурс үнемдеу жобаларын іске асыратын GCIP-Kazakhstan финалистер командаларымен тікелей сөйлесті.
Өнеркәсіпте жасыл технологияларды қолдану тұрақты даму мен экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізудің кілті екенін атап өткен жөн. Осы технологияларды белсенді түрде енгізетін өнеркәсіп салалары табиғи ресурстарды сақтауға, қоршаған ортаның ластануын азайтуға және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды