«Ондайға етіміз үйреніп қалған шығар»: Ұланғасыр Қамиев желідегі видеоға қатысты пікір білдірді

1 Тамыз 2023, 10:01 1713

Бұған дейін жас әнші Ұланғасыр Қамиевтің тойлардың бірінде масайып қалып, сонан соң қонақтармен төбелесіп жүрген видеосы желіде тараған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайтқа қатысты әншінің өзі пікір білдіріп, көпшілікті бейнежазбаға сенбеуге шақырды.

Оқи отырыңыз:

Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Қалайсыздар? Бүгін сонау Алматыдан Арқалық деген қалаға тойға келдік. Жұмыстың тығыз болуына байланысты кеше қайда болғаным, өкінішке қарай, есімде жоқ. Бүгін Арқалық қаласындамыз. Бұл жаққа жол ұзақ екен. Келгенше желі ұстамады. Діттеген жерімізге жетіп, телефонды қоссам, әлеуметтік желі мен туралы шулап жатыр екен. Дос-жаран, туған-туыс, оқырман хабарласып, жағдайымды сұрап жазып жатыр. Жағдайым жақсы. Видеодан көргендеріңіздей қатты ештеңе болған жоқ. Ондай жағдайларға етіміз үйреніп қалған шығар. Мұндай видеоларға сене берудің қажеті жоқ. Ол жерде расы да бар, өтірігі де бар. Сондықтан көріп тұрғандарыңыздай бәрі жақсы. Аман болыңыздар, сау болыңыздар, – деді Қамиев.

Әлеуметтік желіде тараған видеода Ұланғасыр Қамиевтің алдымен үйлену тойында ән айтып, сонан соң мас әрі жартылай жалаңаш күйде соққыға жығылғанын көруге болады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: