Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыХалықты әлеуметтік қорғау саласында оңалту орталықтарында оңалтудың цифрлық күнделігін кезең-кезеңімен енгізу басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған шара оңалту іс-шараларын бақылау мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев хабарлады.
Мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету процесіне волонтерлік қызметтерді тарту жөніндегі мәселені пысықтау жоспарлануда. Үлгілік жобалау-сметалық құжаттама негізінде, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін қолдана отырып, оңалту орталықтарының құрылысы аяқталады, - деді спикер.
Бүгінгі таңда 9 оңалту орталығының төртеуі Семей, Тараз, Кентау, Орал пайдалануға берілді. Ақмола, Ақтөбе, Атырау облыстарында, Ұлытау облысында және Шымкент қаласында құрылыс жүргізілуде.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар