Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады«Қазгидромет» синоптиктері еліміздің он облысында, сондай-ақ екі мегаполисте сенбі, 16 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус аяз болады.
Қостанай облысының батысында таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.
Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Солтүстікте және облыс орталығында түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында және солтүстігінде найзағай ойнайды.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде тұман түседі.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында және солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бұрылып, соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте, облыс орталығында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус аяз күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі, облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысының тау асуларында күндіз солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкентте жоғары өрт қаупі сақталады.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді