Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚуандық Бишімбаев ісін қарап жатқан мемлекеттік айыптаушы прокурор Айжан Аймағанова желідегі оқырмандарына алғыс айтып, болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарамауға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Прокурор Айжан Аймағанова сот отырысы басталған сәттен бастап халықтың ыстық ықыласына бөленген. Әлеуметтік желідегі парақшасына 240 мыңға жуық оқырман жазылған. Ол алғаш рет жазба жариялап, ойын бөлісті.
Қайырлы күн! Менің аккаунтымды көпшілікке жария ете отырып, көптеген адамдар маған жазылады деп ойлай алмадым. Тек жалған аккаунттардан аулақ болғым келді. Бұл менің әлеуметтік желілердегі жалғыз парағым, менде тик-ток жоқ. Менің студенттік кезімнен @zhakiti аккаунтым бар, осыған орай осындай атау алды. Қазір прокуратура қызметкері ретінде маған жүктелген барлық жауапкершілікті түсініп, бар аккаунтты @aimaganova_a деп өзгертуге және қоғамға ашық әрі пайдалы болуға шешім қабылдадым, - деп жазды ол.
Қазіргі жағдайда өзге әріптестері секілді желіде белсенді бола алмайтынын атап өтті.
Мен сіздердің қолдауларыңыз, кеңестеріңіз, қамқорлығыңыз үшін әрқайсыңызға алғыс айтқым келеді! Өмірде қолданатын көп нәрсе ұқтым. Бір айтып кететін жағдай: адам болып өмірге келген соң адам болу - міндет. Сондықтан болып жатқан істерге бей-жәй қарау – бір сүйкімсіз адами қасиет. Ең бастысы- жүрекпен сезініп, жақсы ниетіңді аямау. Жан-жақтағы болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарамайық, қол үшін беріп көмектесейік.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?