30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанада тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы елдегі ең жоғары көрсеткішке жетті. Ол республикадағы жоспарлы деңгейден 3,5 жылға, ал 2029 жылға белгіленген мақсатты көрсеткіштен 2 жылға артық. Бұл туралы Finratings.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Төлеуова мәлімдеді.
Оның айтуынша, елордада бірқатар оң өзгеріс тіркелген. Атап айтқанда, туберкулезден қайтыс болу көрсеткіші 6,5%-ға азайса, инсульттан үй жағдайында көз жұму деңгейі ауруханадан шыққаннан кейінгі алғашқы айда 32%-ға төмендеген.
Сонымен қатар онкологиялық науқастарға көмек көрсету саласында ерте диагностикалау үлесі артып келеді: бүгінде қатерлі ісіктердің 34,6%-ы бастапқы кезеңде анықталады, бұл кезде ем тиімдірек болады.
Жедел жәрдем қызметінің де жұмысы жақсарған: қоңыраулардың 98,1%-ы 40 минут ішінде орындалады.
Медициналық саладағы жетістіктердің бірі – нәресте өлімінің азаюы. Туғаннан кейінгі туа біткен ақаулардан болатын жағдайлар екі есе қысқарып, 14-тен 8 жағдайға дейін азайды.
Бұдан бөлек, биылғы жылы инфекциялық аурулардан қайтыс болу деректері мүлдем тіркелмеген.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды