Бүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіМәскеуде Қазақстан мен Ресей сыртқы саяси ведомстволары арасындағы ынтымақтастық жоспарын іске асыру шеңберінде екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті.
Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов, ресейлік – Статс-хатшы - Сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин басқарды.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын, жоғарғы және жоғары дәрежедегі бірлескен іс-шаралар кестесін, сонымен қатар 2019 жылғы 7 қарашада Омбы қаласында өтетін мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XVI форумын өткізу жөнінде дайындықты талқылады.
Консультациялар қорытындысы бойынша делегация басшылары мемлекетаралық қатынастардың барлық салаларындағы өзара іс-әрекеттердің жоғары деңгейін атап өтті.
Екі елдің Сыртқы істер министрліктері интеграциялық байланыстарды, өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мүддесінде күш-жігерді үйлестіру бойынша жүргізіп отырған жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
Бүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры