6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКүрес түрлерінен Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатын грек-рим шеберлері үш медальмен аяқтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
82 келіде сынға түскен Омар Сатаев шешуші жарыс күнінде қола жүлде үшін белдесуде Бельгия спортшысы Ибрахим Табаевты 10:8 есебімен жеңді.
Жарыс барысында жерлесіміз қара құрлықтың мықтысы Мохамед Диабты (Египет) 4:2, Пан-Американ чемпионатының жүлдегері Диего Торресті таза жеңіп, ширек финалда былтырғы U23 әлем чемпионы Алесандрин Гутуға есе жіберді. Әйтсе де Омар жұбаныш белдесуінде Реон Какегавадан (Жапония) басым түсіп, қола жүлдеге таласта да мықтылығын мойындатты.
Омар Сатаев бұған дейін 2025 жылы Иорданияда өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.
Айта кетейік, U23 әлем чемпионатында кеше Юсуф Мациев (күміс, 97 келі), Мерей Мәулетқанов (қола, 72 келі) жүлдегерлердің қатарына енген еді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі