Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Грек-рим күресінен 82 кг дейінгі салмақта күш сынасқан Омар Сатаев Иордания астанасы Аммандағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жерлесіміз финалда ирандық құрдасы Мұхаммед Әзиз Нагхаусиден жеңіліп қалды. Есеп: 1-3.
Ұлттық құрама спортшысы бүгін күндізгі сессияны ширек финалдан бастап, Оңтүстік Корея және Жапония өкілінің жауырынын жерге тигізген.
Еске салсақ, Мұхаммед Әзиз былтыр қазанда 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған (82 кг). Сондай-ақ жасөспірімдер арасында құрлықтың үздігі. Ал Омар Сатаев осыдан 3 жыл бұрын Бахрейндегі жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болған.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, грек-рим күресінен Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан қоржынында 2 күміс, 2 қола медаль бар.
Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?