6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттердегі елшілерге қатысты ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтсақ, президент жарлығымен Олжас Сүлейменов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ мемлекет басшысының жарлығымен Сергей Нұртаев Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Ал Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасыныңтұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Бұдан бөлек Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі,химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі