20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОлжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылу беру маусымының басталуына байланысты мәселелер қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министр жылу беру уақтылы жүзеге асырылғанын атап өтті – ешқандай үзілістерге жол берілмеді, алдағы күндері еліміздің оңтүстік өңірлерінде де жылу беріледі.
Үлкен жұмыс атқарылды. Оны бөлінген қаржы көлемінен де, жүргізілген жұмыс ауқымынан да байқауға болады. Енді ең бастысы – жылу беру маусымын қалыпты деңгейде өткізіп, жоспарланған барлық параметрлерді сақтай білу. Коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу бөлімшелерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету маңызды, – деп атап өтті Үкімет басшысы.
Өңірлердің әкімдеріне жылу беру маусымының барлық мәселелерін жеке бақылауда ұстау тапсырылды.
Бүгінгі таңда еліміздің бірқатар облыстарында жылу көздерінің резервтік жабдықтарында жөндеу жұмыстары жалғасуда, жоспарлы жобалар іске асырылып жатыр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?