6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерОлжас Бектенов аты аңызға айналған қазақстандық ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында аты аңызға айналған ұшқыш, ҚР авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Талғат Бегелдинов соғыс жылдарында әуеде 500 сағатқа жуық ұшып, 305 рет әскери шабуылға шыққан, жаудың 7 ұшағы мен көптеген әскери техникасын талқандады. Сәтті орындалған барлау операцияларының нәтижесінде ол үздік әуе барлаушыларының бірі ретінде танылды. Батырдың Қазақстанның азаматтық авиациясын дамытуға, инфрақұрылым салуға және кәсіби мамандар даярлауға зор үлес қосты.
Гүл шоқтарын қою рәсімі барысында соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлер мен барша майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі