20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҮкімет үйінде премьер-министр Олжас Бектеновтің және Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Қасымалиевтің қатысуымен екіжақты кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы әрі президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Қасымалиевтің сөзінше, екі көршілес мемлекеттің арасындағы екіжақты ынтымақтастық ерекше стратегиялық маңызға ие.
Мен Астанадағы сапарымда сізбен қайта жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Жақында Алматыда сізбен жақсы пікір алмасып, мазмұнды әңгіме өрбіткен едік. Бүгінгі күні сіздің жеке шақыруыңызбен Қазақстанға ресми сапармен келіп отырмын. Қырғыз Республикасының делегациясы атынан және жеке өз атымнан сізге, сондай-ақ сіз басқарып отырған Қазақстан Республикасының Үкіметіне жылы қабылдағаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Шын мәнінде, екі бауырлас мемлекеттің арасындағы екіжақты ынтымақтастық ерекше стратегиялық сипатқа ие, – деді.
Сондай-ақ Әділбек Қасымалиевтің сөзінше, ежелгі заманнан бері біздің халықтарымыз ғасырлар бойы қалыптасқан достық, тату көршілік және бауырластық қатынастарымен, сондай-ақ ортақ мәдениетпен, тілмен және дәстүрлермен тығыз байланысты.
Мен бұл кездесу екі тарап үшін маңызды мәселелер бойынша пікір алмасуға және екі елдің мүдделеріне сай келетін жаңа ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді деп сенемін. Былтырғы жылы Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Қазақстанға ресми сапармен келіп, маңызды кездесулер өткізді. Сол сапар барысында Жоғары мемлекетаралық кеңестің кезекті отырысы сәтті өтті. Сонымен қатар, екі елдің парламенттері, үкіметтері, министрліктері мен ведомстволары арасында өзара сапарлар мен келіссөздер жүргізілді. Осы кездесулердің нәтижесінде түрлі салалар бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланып, келісімдер жасалды. Сауда, инвестиция және қаржы салаларында оң нәтижелерге қол жеткізілді, – деді Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Әділбек Қасымалиев.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?