Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПремьер-министр Олжас Бектеновтің Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Мұсылман қауымының ең ұлық мейрамы адамзат баласын береке-бірлікке, игі істер мен қайырымдылыққа үндейді. Әр үйдің ырысын молайтып, несібесін арттырады. Рухани және дәстүрлі құндылықтарды ұлықтауға, ұлт пен ұлыстың ынтымағын бекемдеп, қоғамдағы келісімді нығайтуға септігін тигізеді.
Адамгершілік және өзара жанашырлыққа негізделген осынау асыл қасиеттер ауызбіршілікті сақтап, кез келген кедергіні еңсерудің ең ұтымды жолы болып қала бермек.
Айтулы күндерде отбасының амандығы мен елдің тыныштығы үшін жасаған ізгі амалдарыңыз қабыл болсын.
Баршаңызға мықты денсаулық, бақытты ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін!
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары