18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті қазақстандықтар!
Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қашанда қайсарлық пен асқақ рухтың жарқын үлгісін көрсетіп келе жатқан айбынды армиямыз – еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығының мызғымас кепілі. Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауымен бүгінде Қарулы Күштеріміздің әскери әлеуетін жаңғыртуға, кәсіби деңгейін сапалы дамытуға ерекше назар аударылып келеді. Біз Отан алдындағы қасиетті борышына адалдық танытқан қаһармандарымызды ұдайы мақтан тұтамыз. Биылғы алапат табиғи апат кезінде әскери қызметшілер де елмен бірге ауқымды жұмыстардың алдыңғы шебінен табылды. Бұл орайда, сарбаздарымыз бен сардарларымыздың қажырлы еңбектері шексіз құрметке лайық. Әркез абырой биігінен көрініңіздер.
Осынау мерейлі күні Қарулы Күштеріміздің ардагерлеріне, ел тыныштығын қорғап жүрген әскери қызметшілердің барлығына мықты денсаулық, шаңырақтарына бақ-береке тілеймін.
Егемен еліміздің еңсесі биік, іргесі берік болсын!
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр