20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПремьер-Министр Олжас Бектенов TSC Global / GK Hyperscale компаниясы басшылары Майкл Дикерсон және Дэниел Дикерсонмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде Үкімет инвестиция көлемін ұлғайту, озық технологиялар трансферті, өндірістерді локализациялауға және шетелдік инвесторлардың қатысуымен терең өңдеу кластерлерін құруға бағытталған.
Кездесу барысында цифрлық инфрақұрылымды дамыту және озық технологиялар трансферті саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Компанияның есептеу қуатының өсуін қамтамасыз ету және IT қызметтер экспортын арттыру тәсілдері қаралды.
TSC Global / GK Hyperscale бас атқарушы директоры Майкл Дикерсон жоғары білікті мамандарға арналған 300-ден астам жұмыс орнын ашуды көздейтін жобаға қызығушылық танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар нәтижелі ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?