Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҮкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов ауыл тұрғындарының тұрмыстық ахуалына назар аударып, тұрмыс сапасын жақсарту бойынша міндеттер қойылып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әр ауыл тұрғыны тұрмыстық ахуалдың жақсарғанын қалайды. Ол үшін біз қала мен ауылдың тұрмыс деңгейіндегі алшақтықты біртіндеп қысқартып келеміз. Мұндағы негізгі фактор – қолжетімді қызметтер, яғни сапалы жол, медицина мен білім беру сияқты ауыл халқының жайлы тұрмысына қажетті игіліктердің болуы. Қазіргі уақытта Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес, әкімдіктерге ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту бойынша міндеттер қойылып отыр, – деді Бектенов.
Сонымен қатар Үкімет басшысы ауыз су мен жолдардың сапасына, электр қуаты мен ұялы байланыстың жағдайына және интернеттің қолжетімсіз болуына қатысты мыңдаған шағым келіп түсетінін айтты.
Мұның барлығы ауыл тұрғындарының жаппай көшіп кетуіне себепші болады. Сондықтан әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын, әсіресе шекара маңындағы аумақтардың инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын күшейту керек, – деді премьер-министр.
Үкімет басшысы ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының іс-шараларынан туындайтын барлық мәселе жергілікті жерлерде жедел әрі тұрғындардың пікірін ескере отырып шешілуі тиіс екенін тапсырды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?