22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыОлжас Бектенов ExxonMobil вице-президенті Питер Ларденмен мұнай-газ ынтымақтастығы мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кездесуде мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық, инфрақұрылымды дамыту және озық технологияларды енгізу жоспарлары талқыланды, түрлі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары қаралды.
Кездесу барысында Теңіз және Қашаған кен орындарын қоса алғанда, негізгі бірлескен жобалардың ағымдағы мәртебесі мен іске асырылу барысына, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйелерін одан әрі пайдалануға назар аударылды. Әсіресе, Қазақстанның әлемдік энергетикалық нарықтағы позициясын нығайта түсетін Теңіз кенішіндегі болашақ кеңейту жобасының іске қосылуы ерекше атап өтілді.
Премьер-министр тауарлар бойынша локализациялау деңгейі жеткіліксіз болып қалатын Теңіз жобасы шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту жөніндегі күш-жігерді жандандыру қажеттігін атап өтті.
Тараптар Қашаған кен орнын игеру кезеңдерін іске асыруды, оның ішінде өндіру көлемін ұлғайту және қуаттылығы жылына 2,5 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу жоспарланып отырған 2А кезеңін іске асыру дайындығын талқылады. 2Б кезеңін іске асыру бойынша жедел шешім қабылдаудың маңыздылығы атап өтілді. Жалпы, жоба іске қосылған сәттен бастап кен орнында шамамен 906 млн баррель мұнай және 75 млрд м3 газ өндірілді, жалпы алынатын қорлары шамамен 15,885 баррель мұнай және 1,4 трлн м3 газды құрайды, - деп жазылған Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бұдан бөлек, қазақстандық мұнайды сыртқы нарықтарға тасымалдауда шешуші рөл атқаратын Каспий құбыр консорциумының мұнай құбырының тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев