20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда машина жасау өнімдерінің нарығы $31,6 млрд-қа бағаланады. Оның шамамен 16%-ы отандық өндірістің үлесіне тиесілі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде Қазақстан аккумуляторлар, трансформаторлар, кабельдер, локомотивтер, автомобилдер мен автобустар экспорттайды.
Премьер-министр ЕАЭО нарығында қазақстандық өнімнің үлесін арттыру қажеттігін атап өтті.
Олжас Бектенов экономикалық патриотизм басты қағидатқа айналуы тиіс екенін баса айтты. Біз қазақстандық өнімдерді сатып алып, сыртқы нарықтарда белсенді түрде дәріптеуіміз қажет. Өз кезегінде, отандық өндірушілер ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін де, экспортқа да қажетті көлемде тауар өндіруді қамтамасыз етуге дайын.
Біздің алдымызда локализациялау үлесі жоғары өндіріс циклін құру міндеті тұр. Бұл ретте, жұмыс тиімділігін арттыру үшін өндірісті дер кезінде жаңғыртып отыру маңызды, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар премьер-министр заманауи цифрлық және өнеркәсіптік технологияларды енгізудің, өндірістік процестерді роботтандыру мен автоматтандырудың маңыздылығын атап өтті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?