Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыПремьер-министр Олжас Бектенов Әзербайжанның Астанадағы елшілігіне барып, Ақтау қаласының әуежайы маңында орын алған Az Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағының апатына байланысты ашылған көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
26 желтоқсанда Әзербайжанда қаралы күн жарияланды. Қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Бұл қиын сәтте Қазақстан Үкіметінің және өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, апат салдарынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін, әзербайжан халқына сабыр мен төзімділік тілеймін. Біз бауырлас Әзербайжанға тиісті көмек қолын созып, жан-жақты қолдау көрсетеміз, – деп жазды Олжас Бектенов.
Бұған дейін премьер-министр қаза тапқан қазақстандықтардың туған-туыстарына көңіл айтып, зардап шеккен Әзербайжан, Ресей және Қырғызстан азаматтарына жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырған болатын. Ақтау қаласына келген қаза тапқан жолаушылардың отбасы мүшелеріне қажетті көмек көрсетілуде.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар