20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бірнеше жүлде түсті.
Пара дзюдодан Жанбота Аманжол J2 санатында 95 келі салмақта күміс жүлдеге ие болды.
Садақ атудан ерлер арасында Нұршат Төлеуқасым W1 санатында Таиланд спортшысы Супхават Самутчайякиджді 6:2 есебімен жеңіп, қола медаль қанжығасына байлады.
Ядро серпуден F36 санатында Дастан Мұқашбеков пен Иван Зелезняк ел намысын қорғады. Дастан 15.47 метр нәтижемен күміс, Иван 12.71 көрсеткішімен қола медаль алды.
Пара үстел теннисінен Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы қола медаль жеңіп алды.
Аралас жұптық сында XD20 класы бойынша өткен жартылай финалдық кездесуде қазақстандық спортшылар Гонконг өкілдері Лам Ян Ю мен Вонг Хон Ламға 0:3 есебімен есе жіберді. Кездесудің үш сеті 7:11, 4:11 және 8:11 есебімен аяқталды.
Финал күтіп тұр
Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан командасы Азия Пара ойындарының финалына шықты. 22 қазанда өткен жартылай финалдық кездесуде Қазақстан құрамасы Ирак командасын 3:2 есебімен жеңді.
Тартысты өткен кездесудің алғашқы екі сетінде Ирак құрамасы 27:25 және 25:21 есебімен басым түсті. Алайда қазақстандық волейболшылар ойын барысын өзгертіп, келесі үш сетте 25:13, 25:15 және 15:8 есебімен жеңіске жетті. Бұған дейін Қазақстан құрамасы Таиланд командасын жеңіп, Иран құрамасына 0:3 есебімен есе жіберген болатын.
Әзірге ұлттық құрама қоржынында 41 медаль бар: 10 - алтын, 12 - күміс, 19 - қола.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?