Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыРио Олимпиадасының күміс жүлдегері, танымал зілтемірші Жазира Жаппарқұл спорттан кейінгі өмірі жайлы Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында ашық айтып берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазір ол туған қаласы Шымкентте кәсіпкерлікпен айналысып, базарда сауда жасап жүргенін мәлім етті. Көпшілік спортшыдан мұндай қадам күтпегенімен, Жазира бұл таңдауды саналы түрде жасағанын жеткізді.
Базарда сауда жасаймын. Ол жерде өзімнің адамдарым тұрады. Арасында өзім де барамын. Ашып алып, кетіп қалу деген жоқ қой. Басы-қасында жүріп, қарап жүруің керексің. Барлық тауарды өзім тапсырыс беремін, – дейді спортшы.
Кейбіреулердің сөзіне қарамастан, ол еңбек пен адал кәсіптің абыройын бәрінен биік қояды.
Сатып алушылар келгенде мені танып, “Сен базарға шығып кеттің бе?” деп таңданыспен сұрайды. Онда тұрған не бар?! Мен біреудің тамағын немесе жұмысын тартып алыппын ба?, – деп, Жазира қоғамда қалыптасқан теріс көзқарасқа қарсы ойын ашық жеткізді.
Сондай-ақ, спортшы қоғамдағы екіжүзділік пен сыни пікірлерге де тоқталып өтті.
Ішіп кетсем “мал болып кетті” деп айтады. Осындай жұмыс істеп жатсаң “мынадай” деп айтасыңдар. Оларға түзу сөйлеп үйреніңіздерші деймін. Кейбір адамдар “дұрыс, жарайсың, сауда да береке бар” дейді. Менталитетіміз дұрыс емес сияқты. Ішіп-шегіп жүргенше, спортпен немесе бизнеспен айналысқан дұрыс, – деп өз ұстанымын білдірді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары