12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАустралияның Квинсленд штатындағы қолтырауындар мекендейтін Фицрой өзені 2032 жылғы Олимпиада ойындары кезінде байдарка мен каноэ жарыстарын өткізуге ресми түрде мақұлданды. Бұл туралы The Australian басылымы хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Олимпиадалық инфрақұрылым құрылысына жауапты ұлттық агенттік өзеннің техникалық талаптарға толық сай екенін растаған. Осылайша Фицрой өзенінде ескек есу спортынан маңызды жарыстар өтуі мүмкін.
Квинсленд штатының премьер-министрі Дэвид Крисафулли қауіпсіздік мақсатында өзендегі қолтырауындар мәселесі шешілетінін мәлімдеді. Бұған дейін халықаралық федерация бұл орынды қауіпті әрі жарыс өткізуге жарамсыз деп санаған еді.
Айта кетейік, Фицрой өзенінде бірнеше жыл бойы Аустралияның ұлттық құрамасы мен университеттік командалар жаттығып келеді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер