10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев халықаралық қызметке тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Федерация баспасөз қызметінің мәліметінше, Кувейтте Азия дзюдо одағының (JUA) ресми конгресі өтті. Конгреске Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер және Азия дзюдо одағына кіретін федерация басшылары мен өкілдері қатысты.
Конгресс барысында JUA атқарушы комитетінің шешімі бойынша Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев Азия дзюдо одағының рефери директоры болып тағайындалды, - делінген мәліметте.
Асхат Жіткеев – Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері. Сондай-ақ IJF Continental құрлықтық дәрежедегі төреші.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді