Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Шылманов Атыраудағы олимпиада резервін дайындау орталығының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол 4 ақпанда Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «Олимпиада резервін дайындау орталығының» директоры болды.
Арман Шылманов 1984 жылы дүниеге келген. Таеквондодан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері.
Сондай-ақ ол әлем чемпионатының екі дүркін қола (2007, 2009 жылдары), Азия чемпионатының екі дүркін қола (2002, 2008 жылдары), екі дүркін күміс (2010, 2012 жылдары) жүлдегері әрі Азия чемпионы болған.
Бұдан бөлек, Арман Шылманов Азия ойындарының үш дүркін қола (2002, 2006, 2010 жылдары) жүлдегері атанған.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері және «Құрмет» орденінің иегері.
Әр жылдары таеквондодан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы, Атырау аймақтық спортты дамыту орталығы директорының орынбасары, Қазақстан таеквондо федерациясының вице-президенті қызметтерін атқарған.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар