Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСотталған балалар Олимпиада ойындарының жеңімпаздарымен кездесті
Алматыдағы балалар колониясына Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Александра Ле және Ислам Сатпаев барып, жазаланған балалармен әңгімелесті. Алматы қаласы спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған кездесуде Олимпиада жүлдегерлері өздерінің балалық шақтары мен спорт жолындағы жетістіктері жайлы әңгімелеп, балалардың спортқа байланысты қойған сұрақтарына жауап берді.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру аясында өткізілген кездесудің мақсаты – балалардың спортқа деген құлшынысын арттырып, қоғамға толыққанды азамат болып оралуларына көмектесу.
Кездесу соңында мекеме әкімшілігі келген қонақтарға алғысын білдірсе, сотталған балалар өздері жасаған бұйымдарын сыйға тартты.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары