Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПариж Олимпиадасында алтын алған алжирлік боксшы Иман Хелиф гендерлік дау-дамайдан кейін спортпен қош айтысты. Бұл туралы оның бұрынғы менеджері Нассер Йесфах хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Йесфахтың айтуынша, Хелиф кәсіпқой бокста бірнеше жекпе-жек өткізуі тиіс болған, бірақ бір ғана кездесу өткізген соң, қаржылық қиындықтарға байланысты келісімшартқа қол жеткізе алмады.
Ол Ниццадан ғана емес, жалпы бокстан кетті, – деді Йесфах.
2025 жылы Эйндховенде өткен турнирге де ол гендерлік тестілеуге байланысты жіберілмеген еді. Бұған дейін IBA ұйымы Хелиф пен тағы бір спортшының «XY хромосомасы» барын айтып, жарыстардан шеттеткен. Дегенмен ХОК оларға Париж Олимпиадасына қатысуға рұқсат берген болатын.
Алдағы 2028 жылғы Олимпиадада жағдай өзгермек – World Boxing ұйымы барлық спортшыларға гендерлік тестілеуді міндетті етті.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?