20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПариж Олимпиадасының чемпионы, дзюдодан Қазақстан қоржынына тұңғыш алтынды сыйлаған Елдос Сметовті жерлестері ертең 5 тамызда салтанатты түрде күтіп алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысы әкімдігіндегілер чемпионды күтіп алу шарасы Тараз қаласының шығыс аркасынан бастау алып, содан кейін Жамбыл даңғылы, Ыбырайым Сүлейменов көшелерінде төрт жылдықтың басты додасында топ жарған жамбылдық жампозды ұлықтау мақсатында шеру ұйымдастырылатынын айтты. Бұдан соң Орталық стадионда өтетін салтанатты шара барысында «Алашұлы» тобы, АДАМ, Тұрар, Kalifarniya, және Ернар Айдар секілді эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.
Іс-шараның негізгі бөлігі 5-ші тамыз күні сағат 18:00-де Орталық стадионда басталады.
Еске салсақ, 27 шілдеде Елдос Сметов Парижде жеңіске жетіп, дзюдодан еліміздің тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы болды. Сол күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елдос Сметовке телефон шалып, оны Олимпиада шыңын бағындыруымен құттықтады. Кейін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев чемпионның шаңырағына барып, ата-анасына құрмет көрсетті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?