Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕркін күрестен Токио Олимпиадасыынң чемпионы, жапониялық Такуто Отугуро спорттағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл 26 жасқа қадам басқан күншығыс елінің даңқты балуаны күрестен кететінін мәлімдеді. 2018 жылы Отугуро 19 жасында Жапония тарихындағы ең жас ерлер арасындағы әлем чемпионы атанған болатын. Кейін ол екі рет Азия чемпионы атанып, Токио-2020 Олимпиадасында алтын үздік шықты. Ол финалда Әзірбайжанның танымал балуаны, үш дүркін әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Гаджи Алиевті жеңді.
Алайда ол Париж Олимпиадасына іріктеу бәсекесінде құрамадағы әріптесі Котаро Киёокаға есе жіберген еді. Ал Франциядағы ойындарда Котаро 65 келіде чемпион атанды.
Париж Олимпиадасынан кейін әлемнің көптеген танымал балуандары спортпен қош айтысты. Оның ішінде грек-рим күресінен Олимпиаданың бес дүркін чемпионы Михайн Лопес, еркін күрестен Олимпиада чемпионы, екі дүркін қола жүлдегері, түрік Таха Ақгүл, грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы, күміс және қола жүлдегері, украиналық Жан Беленюк те мансабын аяқтағанын хабарлады7
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары