Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарОлимпиада чемпиондары мен әлемдік дзюдо жұлдыздары Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирінде бақ сынайды. 8–10 мамыр күндері Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 әлемдік рейтингтік турнирі өтеді. Елімізде төртінші рет ұйымдастырылғалы отырған жарысқа дзюдо спортының майталмандары қатыспақ.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының татамиіне Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары және әлемдік рейтингтің көшбасшылары шығады.
Олардың қатарында:
IJF талаптарына сәйкес, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әлемдік және Олимпиадалық рейтинг ұпайлары үлестіріледі. Атап айтқанда, бірінші орынға – 1000, екінші орынға – 700, үшінші орынға – 500 ұпай беріледі.
Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирінде спортшылар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік беретін маңызды ұпайлар жинайды.
Айта кетсек, Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) 2023 жылы қол қойған екіжақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды.
Ал 2027 жылы Астана дзюдодан әлем чемпионатын өткізеді. Бұл еліміздің ірі халықаралық жарыстарды тұрақты түрде қабылдап, әлемдік дзюдо картасындағы беделін нығайтып келе жатқанын айқындайды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?