7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Бүгін Дордрехтте (Нидерланды) шорт-тректен әлемдік турдың 4-кезеңінің іріктеу бәсекелері өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әйелдер арасында 1500 метрге жарыста қазақстандық Ольга Тихонова
2:34.146 уақыт көрсеткішімен жартылай финалға шықты. Осы қашықтықта бақ сынаған
Алина Ажғалиева мен Малика Ермек ширек финалда сүрінсе де, жартылай финалға шығу мүмкіндігі сақталып отыр.
Сондай-ақ 500 метрде Яна Хан, ерлер арасында 1000 метрде Әділ Ғалиахметов пен Глеб Ивченко қосымша сайыста ширек финал жолдамасын сарапқа салады.
Ал ерлер арасындағы 5000 метрлік пен аралас эстафетада спортшыларымыз іріктеуден аса алмады.
Айта кетейік, әлемдік турдың алғашқы төрт кезеңі іріктеу ретінде өткізіледі. Сол турнирлардың қорытындысына сәйкес, 2026 жылғы XXV қысқы Олимпиадаға жолдама үлестіріледі. Бұл дода маңызды әрі шешуші кезең болғандықтан әр спортшының нәтижесі мен көрсеткіштердің жоғары болуы аса маңызды. Жаһандық жарысқа 42 елден 258 атлет жиналды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?