22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Ольга Рыпаковамен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлімжан Ақаев Ольга Рыпакованы жаңа қызметімен құттықтап, оның спорттағы көпжылдық тәжірибесі мен жетістіктері елімізде жеңіл атлетиканы тиімді дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді. Сондай-ақ, федерацияның бас хатшысы болып тағайындалған Жасарал Имандосовтың жұмысына табыс тіледі.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады. Олардың ішінде жеңіл атлетика мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында курстар өткізу, халықаралық білім беру және спорттық бағдарламаларға белсенді қатысу, сондай-ақ World Athletics Халықаралық федерациясымен өзара іс-қимылды нығайту мәселелері бар.
Ерекше назар Қазақстанда жеңіл атлетиканы насихаттау және спортшыларды Олимпиада ойындары секілді ірі халықаралық жарыстарға дайындау мәселелеріне аударылды.
Ольга Рыпакова федерацияның инфрақұрылымды дамыту, бапкерлердің кәсіби деңгейін арттыру және жастарды жеңіл атлетикаға тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізетінін атап өтті.
Ольга Рыпакова – Қазақстан тарихындағы ең атақты спортшылардың бірі ғана емес, сонымен қатар тәжірибелі әрі мақсаты айқын спорт маманы. Ол Қазақстан ҰОК спортшылар комиссиясының төрайымы және Азия Олимпиадалық кеңесі атқарушы комитетінің мүшесі. Оның спортты дамыту мен халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі құрметке лайық. Біз оның тәжірибесі мен кәсібилігін ескере отырып, федерацияны жаңа биіктерге жеткізетініне сенімдіміз.
ҰОК әрдайым ынтымақтастыққа ашық және жеңіл атлетиканы насихаттау, білім беру бастамаларын іске асыру, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік спорт аренасындағы орнын нығайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға, жан-жақты қолдау көрсетуге дайын, - деп атап өтті Әлімжан Ақаев.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев