Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова кәсіби мәнсабын ресми түрде аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz Жеңіл атлетика Федерациясының баспасөз қызметіне cілтеме жасап.
Еліме ризамын! Президент пен спорт жетекшілерінен бастап менің ең жас жанкүйерлеріме дейін бір ғана, бірақ өте маңызды нәрсе – маған сенімдері үшін алғыс айтамын. Мені тұлға ретінде, кәсіби спортшы ретінде танытуға мүмкіндік берген тағдырға және Құдайға алғыс айтамын, - деді Ольга Рыпакова.
Спорттан кететінін ол Астанада өткен жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Х Азия Чемпионатында айтқан.
Отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосқаны үшін ҚР Премьер-Министрі спортшыға алғысхат жолдады.
Сіздің жарқын жеңістеріңіз қазақстандық жанкүйерлердің жүрегінде мәңгі қалады. Біз сіздің спортқа және принциптерге деген адалдығыңызды бағалаймыз. Ел бойынша мыңдаған бала сізден үлгі алады және отандық жеңіл атлетика дәстүрін жалғастырады. Отандық спортты дамытуға қосқан үлесіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз, - делінген Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жолдаған алғысхатта.
Салтанат соңында спортшы жанкүйерлер алдында құрмет шеңберін жүгіріп өтті.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік