Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБибісара Асаубаева шахматшы Жансая Әбдімәлік пен Динара Сәдуақасованың жеңілісі туралы айтты. Бұл туралы ол ОКҚ-да өткен баспасөз брифингте журналистің төтеден қойған сұрағына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов: 2022 жылдың cоңында Алматыда шахматтан рапид және блицтен өткен әлем чемпионаты бір апта бойы Алатау бөктерін дүбірге бөлеген шахмат додасын Халықаралық шахмат федерациясы мен Қазақстан шахмат федерациясы ұймдастырғанын атап өтті.
«Әлем чемпионатына 46 мемлекеттен 178 ер мен 98 әйел қатысты. Дүниежүзінің ең таңдаулы гроссмейстерлері жиналған әлемдік доданың барлық чемпиондары анықталды. Еліміздің үміті Бибісара Асаубаева орасан зор нәтиже көрсетіп, блицтен әлем чемпионы атанды. Ол былтыр Польша елінде де блицтен әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын. Бибісара шахматтан екі дүркін әлем чемпионы. Жылдам шахматтан яғни рапидтен Динара Сәдуақасова күміс медаль олжалады. Рапид бойынша норвегиялық Магнус Карлсен 13 турда 10 ұпай жинап әлем чемпионы атағын қорғай білді. Күміс медаль 18 жастағы неміс шахматшысы Винсент Кеймердің қанжығасында кетті. Қола медальді американдық Фабиано Каруана олжалады. Рапидтен қыздар арасында қытайлық Тань Чжунъи иеленді. Күміс біздің шахматшымыз Динара Сәдуақасоваға, қола медаль үндістандық Шри Савитаға бұйырды», – деді ол.
Шахматтың блиц түрінен 2 дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева елімізде өткен әлем чемпионатының жауапкершілігі өте жоғары болғанын жеткізді. Бибісара өзінің жеңісі келешекте еліміздің шахмат спорты өркендеуіне септігін тигізетініне сенім білдірді.
«Бұл чемпионатқа үлкен жауапкершілікпен және дайындықпен қатыстым. Менің жақындарым маған дайындалу үшін барлық жағдайды жасап берді. Бір жағынан өз Отанымда өткені көп септігін тигізді. Себебі елдің , халықтың қолдауын сезесің. Өзімнің мықты екенімді көрсетуім қажет болды», – деді чемпион Бибісара Асаубаева.
Журналист Бибісара Асаубаевадан шахматшы Жансая Әбдімәлік пен Динара Садуақасованың не себепті жеңіске жете алмағанын сұрады. Бұл сұраққа Бибісара бірауыз сөзбен «Өйткені, олар мықты емес» деп жауап берді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?